Иранды тоқтату үшін жоспар ұсынады

Израиль премьер-министрі Вашингтонға барады.

1695865
Иранды тоқтату үшін жоспар ұсынады

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет 26 тамыз күні Ақ Үйдегі кездесуде Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденге Иранды тоқтату үшін бір жоспар ұсынатынын білдірді.

Беннет апталық кабинет жиналысанан бұрын мәлімдеме жасады.  Ол Вашингтонға коронавирус пандемиясы себебімен шектеулі делегациямен баратынын айтты.  Ол Иран тақырыбында «маңызды кезде» тұрғандарын, сондықтан Вашингтон сапарының уақытының «маңызды» екенін білдірді. Беннет Иранның уранды байыту істерінің жылдамдағанын және бір ядролық бомба жасау үшін қолданылатын материалды қамдауға қажетті мерзімді едәуір қысқартқандарын айтты.  «Президент Байденге ирандықтарды тоқтатудың уақыты келгенін, қолданысы біткен бір ядролық келісімге қайта кіріп, оларға көмектеспеу керектігін айтамын» деді ол.

Израиль премьер-министрі сонымен бірге Байденге  Иранды әрі ядролық салада, әрі аймақтағы «шабуылдаушы қимылдарын» тізгіндеу үшін дайындалған бір жоспар ұсынатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар