Террористтердің шабуылында үш адам қаза тапты

Төрт адам жарақат алды.

1693420
Террористтердің шабуылында үш адам қаза тапты

Сирияның Тель-Рыфат аймағынан террористер Афринге шабуылдады. YPG/PKK-лық террористтердің зымыранмен шабуылында үш адам қаза тапты.  Қаза тапқандардың біреуі – бала.  Шабуыл барысында төрт адам жарақат алды.

Хатай әкімшілігі террористтердің Тель-Рыфат аймағынан Африн орталығына Түркия уақытымен сағат 14.30-да 13 зымыран атқанын білдірді. Зымыран шабуылынан кейін үш адамның қаза тапқаны анықталды.  Төрт адам жарақат алды.  Олар төңіректегі ауруханаларға жеткізілді.

Шабуылға байланысты тергеу басталды.


Этикеттер: #шабуыл , #Сирия , #Африн

Ұқсас жаңалықтар