Талибан жаппай "рақымшылық" жариялады

Талибан қозғалысы Ауғанстанда барлығына бірдей «рақымшылық» жариялады.

1692574
Талибан жаппай "рақымшылық" жариялады

Талибан қозғалысы Ауғанстанда барлығына бірдей «рақымшылық» жариялап, әйелдерді әкімшілікке қосылуға шақырды.

Талибанның мәдениет комиссиясы мүшесі Энамулла Самангани бақылауға алынған Ауғанстан мемлекеттік телеарнасы арқылы жасаған мәлімдемеде барлығына бірдей «рақымшылық» жариялап, әйелдерді әкімшілікке шақырды.

Энамуллах Самангани «әйелдердің құрбан болуын емес, әкімшілікте орын алуларын қалағандарын» атап «Үкіметтің құрылымы толық нақтыланған жоқ, бірақ біздің тәжірибеміз бойынша толық исламдық басшылық болуға тиісті және барлық тараптар қатысуы керек» деді.

«Талибан талап еткен Ислам ережелерінің халықтың білгенін» атап көрсеткен Самангани «Халқымыз мұсылман. Оларды Исламға мәжбүрлемейміз» деді.

Талибан алдынғы күні көптеген уәлаят орталығын басып алған соң Ауғанстанның бас қаласы Кабулға кірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар