"Ауғанстанда жағдай тұрақтанды"

Ресей Сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді.

1692347
"Ауғанстанда жағдай тұрақтанды"

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда жалпы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады. Министрлік хабарлама жариялап, Ауғанстанда Талибанның билікті алғаннан кейін жағдайды бақылап отырғандарын білдірді.

Хабарламада «Қолымыздағы ақпарға қарағанда, Кабул мен ел көлемінде жағдай тұрақтанды. Талибан қоғамдық тәртіпті қамдай бастады. Жергілікті азаматтар мен шетелдік дипломатия өкілдерінің қауіпсіздігін кепілге алатынын білдірді. Ауғанстандағы барлық тараптарды күш қолданудан аулақ болуға және жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырамыз» деп айтылды.

Ресейдің Ауғанстандағы елшілігінің қызметін жүргізіп отырғаны да айтылды. Ресей Ауғанстандағы жаңа билікпен байланыс бастағандарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар