Польшада коалиция үкіметі тарады

Келісім партиясы жариялаған мәлімдемеде партияның үкіметтен, Мәжілістен және Сенаттан шегініп, өз тобын құратыны білдірілді.

1689645
Польшада коалиция үкіметі тарады

Польша коалициясын құрайтын үш партияның біреуі Келісім партиясының коалициядан шегіуге шешім жасауына орай үкімет мәжілістегі көпшілік орыннан айырылды.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравиецкидің Премьер-министрдің орынбасары Ярослав Говинді міндеттен алуына орай Говиннің партиясына коалициядан шегінді.

Келісім партиясы жариялаған мәлімдемеде партияның үкіметтен, әрі Мәжілістен, әрі Сенаттан шегініп, өз тобын құратыны білдірілді.

460 орынды Мәжілісте 12 депутаты бар Келісім партиясы Құқық және әділет партиясы, Польша ұйымшыл партиясымен бірге Бірлескен оңшыл коалицияны құраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар