Нигерияда безгектен сағат сайын 9 адам өлуде

Денсаулық сақтау министрі Осаги Эханире әлемде безгек ауруына шалдыққан 4 адамның біреуі Нигерияда екенін айтты.

1688963
Нигерияда безгектен сағат сайын 9 адам өлуде

Нигерия Денсаулық сақтау министрі Осаги Эханире елінде сағат сайын 9 адам безгектен қайтыс болғанын айтты. 

Ұлттық баспасөздің Безгекке қарсы қорғау тобының лидері Тими Оботты негіз еткен хабарында Денсаулық сақтау министрі Осаги Эханире әлемде безгек ауруына шалдыққан 4 адамның біреуі Нигерияда екенін айтқаны жеткізілді.

Денсаулық сақтау министрі Осаги Эханире безгекке байланысты өлімнің артып отырғанын, індетті тосу үшін емдеу қызметінің тоқтамауы керектігін білдірді.

Осаги Эханире:

"Нигерияда безгек халықтың денсаулығын бұзатын мәселе болуда" деді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы соңғы екі жылда Гана, Кения және Малавидегі вакцинация бағдарламасы аясында 1.7 миллион компонент безгек вакцинасы егілгенін жариялады.

Малавиде 2019 жылы сәуірде тұңғыш рет вакцинация бағдарламасы басталды.

 2 минутта бір баланың өліміне себеп болған безгек Африкада көп кездеседі.

Ғалымдар адамдарға безгек ауруын жұқтырған масалардың осы интерференциядан қорғануын қамдайтын жаңа бір "микроб" тапты.

Кениядағы Виктория көлі жағасынан алынған масаларға жасалған зерттеуде осы масалар тасымалдаған "Microspora MB" микробының безгек интерференциясының өмір сүруіне рұқсат бермегенін анықтады.

Зерттеулерге негізделгенде микробты жұқтырған масаларды табиғи өмірге жолдау жолымен аурудың таралуын тосу мүмкін көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар