«Мерапи» жанартауы лава атқылады

Йогьякартадағы геологиялық апаттарды технологиялық зерттеу және әзірлемелер бөлімі мәлімдеме жасады.

1688434
«Мерапи» жанартауы лава атқылады

Индонезияның Ява аралындағы «Мерапи» жанартауында өткен аптадағының артынан вулкандық қозғалыс қайталанды. 

Йогьякартадағы геологиялық апаттарды технологиялық зерттеу және әзірлемелер бөлімінің мәлімдемесіне қарағанда Мерапидің бүгін таңғы уақытта екі рет лава шашқаны және көтерілген түтіннің 3 шақырым биіктікке ұласқаны білдірілді. 

Алғашқы атқылаудың жергілікті уақытпен таңғы 05:58-де, ал екіншісінің болса таңғы 06:43-те болғаны хабарланды. 

Геологиялық апаттарды технологиялық зерттеу және әзірлемелер бөлімі Йогьякарта тұрғындарына аймақтағы апат қауіптілігінің үшінші сатыда екенін ескертті.

«Мерапи» жанартауында соңғы рет 8 тамыз күні қозғалыс тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар