Сербияда ересектердің 50 пайызына вакцина егілді
Ана Брнабич: "Сербияда үшінші компонент вакцинация үшін жетерлік вакцина бар" деді.
1686372
Сербияда ересектердің 50 пайызы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасын ектірді.
Сербия премьер-министрі Ана Брнабич баспасөз мәслихатында ересектердің 50 пайызына жаңа типті коронавирус вакцинасы егілгенін жариялады.
Топтық иммунитеттің қалыптасуы үшін бұл санның жеткілікті болмайтынын айтқан Ана Брнабич:
"Сербияда үшінші компонент вакцинация үшін жетерлік вакцина бар" деді.
Ана Брнабич 2021 жылдың соңғы ширегінде Америка дәрі компаниясы Moderna жетілдірген вакцинаның да еліне келетінін айтты.
Сербияда коронавирус індетінен 7 мың 132 адам қайтыс болды.
Соңғы тәулікте 579 жаңа науқас тіркелген елде індеттің басынан бері 724 мың 97 кісі Ковид-19 індетін жұқтырды.