Сердар Абдул Кайюм Ниязи премьер-министр болды

Ниязи Азад Джамму Кашмирдің бұрынғы премьер-министрі Раджа Фарук Хайдар босатқан орында 5 жыл отырады.

1685698
Сердар Абдул Кайюм Ниязи премьер-министр болды

Пәкістанның Азад Джамму Кашмир аймағында билік басындағы Пәкістан Әділет қозғалысы партиясының үміткері Сердар Абдул Кайюм Ниязи премьер-министр болып сайланды.

Жерлік баспасөздің хабарына қарағанда 53 орынды Заң Мәжілісіндегі дауыс беруде 33 дауыс алған Азад Джамму Кашмирдің 13-ші премьер-министрі болғаны білдірілді.

Оппозиция партияларының ортақ үміткері Чавдри Латиф Акбар 15 дауыс алды.

Ниязи Азад Джамму Кашмирдің бұрынғы премьер-министрі Раджа Фарук Хайдар босатқан орында 5 жыл отырады.

2016 жылы 31 шілдеде міндетке келген Пәкістан Мұсылман лигасы-Наваз партиясынан (PML-N) Хайдардың премьер-министрлік міндеті 31 шілдеде аяқталды.

Пәкістанның Азад Джамму Кашмир аймағында 25 шілдеде  ұйымдастырылған Заң Мәжілісі сайлауын премьер-министр Имран Хан басшылығындағы Әділет қозғалысы партиясы жеңген болатын.



Ұқсас жаңалықтар