Рухани: Келіссөздер соғыстың алдын алды

Хасан Рухани мемлекет басшысы ретінде Иран телеарнасына соңғы рет сұхбат берді.

1684576
Рухани: Келіссөздер соғыстың алдын алды

Иран Мемлекет басшысы Хасан Рухани 2013 жылы міндетін бастаған кезде алдында соғыс пен бейбітшілік нұсқасы бар екенін атап, келіссөздер арқылы соғыстың алдын алғанын айтты.

Хасан Рухани мемлекет басшысы ретінде Иран телеарнасына берген соңғы сұхбатында Францияның бас қаласы Парижге сапары кезінде бұрынғы президент Франсуа Оландтың өзіне «5+1 елдері (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия) ретінде Иранға қарсы нақты соғыс жариялауға шешім қабылдаған едік. Бірақ сіз міндетке келгенде және келіссөзге дайын екеніңізді жариялағанда соғыстан бас тарттық» дегенін атап көрсетті.

Рухани «Міндетке келгенде алдымда екі жол бар еді не бүкіл әлеммен соғысқа кірісетін едік, немесе бейбіт келісімге келетін едік. Шешім дипломатия мен келіссөздер. Келіссөз соғыстың алдын алды» деді.

Ядролық келісімде 5+1 елдері мен сөйлескендерін, бірақ шынында АҚШ-пен келіссөз жасалғанын атап айтқан Рухани «Бүгін де негізінде АҚШ-пен әңгімелесудеміз. Венада 4+1 елдері (Германия, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Ресей) мен сөйлесеміз, АҚШ-пен әңгімелеспейміз. Дегенмен негізінде келіссөздердің тарапы АҚШ» деді.

Иранда келесі үкіметтің де ең маңызды күн тәртібінің келіссөздер болатынын атап айтқан Рухани «Қарым-қатынас орнатудан басқа шешім жолы жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар