Ресей-АҚШ стратегиялық жиналысы болып өтті

Ресей Сыртқы істер министрлігі Женева қаласында өткен жиналыс туралы мәлімдеме жасады.

1682099
Ресей-АҚШ стратегиялық жиналысы болып өтті
Wendy Sherman-Sergei Ryabkov.jpg
rusya-abd bayrak.jpg

Ресей мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) делегациялары ядролық қаруды бақылау мәселесінен бастап Швейцарияның Женева қаласында екі ел арасындағы келіспеушіліктерді талқылау үшін бас қосты.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда екі ел қол жеткізген келісімдердің жалғасы ретінде стратегиялық тұрақтылық жөніндегі Ресей-АҚШ келіссөздерінің жаңа тур жиналысы болып өтті.

Ресей делегациясына Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков, АҚШ делегациясына болса АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман басшылық жасаған жиналыста екі елдің стратегиялық тұрақтылық, қару-жарақты бақылау және рисктерді азайтуға бағытталған ұстанымдары талқыланды.

Жиналыстың артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Рябков жиналыстың болымды өткенін  және бұған риза екендерін мәлімдеді.

Екі ел арасында қару-жарақты бақылау саласында келіспеушіліктер бар екеніне назар аударған Рябков «Америка Құрама Штаттары сындарлы келіссөзге дайын. Бұл өте жағымды ұстаным. Жиналысқа АҚШ-тың барлық мекемелеріне өкілдік жасайтын бір делегация қатысты. Маңызды тақырыптарда бөлек көзқараста екенімізді байқадық. Сондай-ақ шешілетін мәселелерді анықтадық және оларды жетілдіргіміз келеді» деді.

Киберқауіпсіздік саласында АҚШ-пен өзара байланыста екендерін айтқан Рябков бұл саладағы келіссөздерді жалғастырғысы келгендерін тілге тиек етті.

Ұлыбритания, Франция және Қытайдың Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық тұрақтылық жөніндегі келіссөздерге қатысуға дайын емес екендеріне назар аударған Рябков «Дегенмен кейінгі келіссөздерде Ұлыбритания мен Францияның ядролық әлеуеті мәселелерін қарастыру біз үшін басымдық болып табылады» деді.

АҚШ-пен жаңа тур жиналыстың қыркүйек айының соңында жүзеге асатынын білдірген Рябков бұл жиналысқа дайындалып, жұмысты жалғастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар