Пешмергаға әскери көмек

Пешмерга жасақтарына бір аптада екінші рет әскери көмек көрсетілді.

1681931
Пешмергаға әскери көмек

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы ДАИШ-ке қарсы коалиция Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты пешмерга жасақтарына бір аптада екінші рет әскери көмек көрсетті.

Коалиция күштері Эрбильде Пешмерга министрлігіне 59 дана әскери көлік тапсырды.

Коалиция Пешмерга министрлігіне 26 шілде күні де 70 шақты жаңа көлік берген еді.  Рәсімде көрсетілген көліктер арасында Humvee типті сауытты көлік, танктер мен әскери жүк көліктері болды.

Аталмыш көмектің Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің «террорлық ұйым ДАИШ-пен күрес үшін Америка Құрама Штаттары әскерлеріне Иракта мұқтаждық жоқ» деген сөздерінен кейін келуі назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар