Бағдаттағы АҚШ елшілігіне зымыран шабуылы
Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ елшілігін нысанаға алған зымыран шабуылы жасалды.
1682151
Ирак БАҚ-тарының хабарына қарағанда Бағдатта қорғалған Жасыл аймақта орналасқан АҚШ елшілігі маңына екі рет зымыран шабуыл жасалды.
Айналадағы көліктерге зақым келтірген шабуылда құрбандар бар-жоқтығы туралы ақпарат берілмеді.
Ирак үкіметінен бұл тақырыппен байланысты ешқандай мәлімдеме жасалмады.
Соңғы кездері Ирактағы АҚШ нысандарына жиі шабуылдар жасалуда. Бұл шабуылдарды Иранға жақын шиіт қарулы топтардың жасағаны алға тартылады.
Ұқсас жаңалықтар
Тайваньда екі рет жер сілкінді
Алғашқы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен адам мен мүлік шығыны тіркелмеген.