Римде Ливия келіссөздері

Италия Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

1681683
Римде Ливия келіссөздері

Ливия Өкілдер палатасы мен Ұлттық жоғары сайлау комиссиясының делегациялары 24 желтоқсан күні өтетін президенттік және парламенттік сайлаудың заңдық негізін анықтау үшін Италияның бас қаласы Римде бас қосты.

Италияның Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливия қолдау қызметінің техникалық жәрдемімен Ливия Өкілдер палатасы және Ұлттық жоғары сайлау комиссиясы делегациялары 24 желтоқсан күні премьер-министрлік және Парламенттік сайлау өткізуге мүмкіндік беретін құқықтық базаны анықтау туралы келісімге келу үшін Римде бас қосады» делінді.

Италияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливия қолдау қызметінің елдің барлық институционалдық және саяси мүдделі тараптарын қамтитын ауқымды үдеріске деген қажеттілікке бағытталған шақыруын қолдағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Италия Ливияның тұрақтылығына деген адалдығын растай отырып, Ливия халқының заңды талаптары бағытында бұл жолдың еркін, әділ және ауқымды сайлау өткізуге болатын бір кезеңге жол ашатынына үміттенеді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар