Тунисте демократиялық кезең тоқтатылды

Тунис президенті парламенттің барлық өкілеттіктері мен депутаттардың қолсұғылмау құқығын тоқтатты.

1680167
Тунисте демократиялық кезең тоқтатылды

Кайс Саид премьер-министр Хишам әл-Машишиді қызметінен босатқанын және өзі тағайындайтын бір премьер-министрдің атқарушы билікті қолға алатынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық істерін әшкерлеу үшін бас прокурордың міндетін өз мойнына алғанын жариялады.

Әскери басқару мен қауіпсіздік қызметкерлері қатысқан бір жиналыстың артынан Президенттік аппарат жариялаған бейнекөріністе Саид «Тунистің елді тонау, өрт және душар болған жағдайдан құтқару үшін ерекше шаралар қабылдауы керектігіне» назар аудара отырып, атын атамаған кейбір топтардың белгілі аймақтарда ішкі соғыс жариялау үшін ақша жинағанын алға тартты.

Саид бұл шешімдерді бірнеше ай бұрын қабылдау керек екенін парламент төрағасы Рашид әл-Ганнуши және премьер-министр Хишам әл-Машишимен ақылдасқан соң қабылдағанын мәлімдеді.

Парламенттің барлық өкілеттіктерін 30 күнге дейін тоқтатқанын, депутаттардың қолсұғылмау құқығын тоқтатқанын, қазіргі премьер-министр Хишам әль-Машишиді қызметінен босатқанын және өзі тағайындайтын бір премьер-министрмен атқарушы билікті өз қолына алатындығын мәлімдеген Саид бір жарлық жарияланатынын, бұл шешімдердің де бірден күшіне енетінін білдірді.

Елдегі барлық әуежайлар мен шекара қақпаларының да жабылғаны хабарланды. Сондай-ақ, армияның кейбір саясаткерлерді тұтқындай бастағаны туралы хабарлар тарауда. Парламент төрағасы және Нахда басшысы Ганнуши болса жаңалықтарды «төңкеріс» деп бағалады.

Ганнуши «Тунис жаңа бір Мысыр, Саид болса жаңа бір Әл-Сиси болмайды» деп, «Демократиялық жолмен сайланған парламент пен үкімет міндетін әлі атқаруда» деді. Алайда парламенттегі әскерлер парламент төрағасы Ганнуши мен қасындағы бір топ депутатты ішке кіргізбеді.

Ганнуши сонымен бірге халықты «демократияны қалпына келтіру үшін бейбіт күреске» шақырды.

Тунистіктердің болса президент Саидтің мәлімдемелерінің артынан көшеге шығып мереке бастағаны байқалды.

Өткен айларда әсіресе бас қала Тунистен бастап елде үкіметтік және оппозициялық партияларға қарсы жаппай наразылықтар пайда болып, шыққан оқиғаларда Нахда қозғалысынан бастап партия орталықтарына шабуылдар жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар