Израиль Газадағы балықшылардың аңшылық алаңын 6 мильге қысқартты

Палестина жеріндегі үкіметтік қызметті үйлестіру бөлімі мәлімдеме жасады.

1680133
Израиль Газадағы балықшылардың аңшылық алаңын 6 мильге қысқартты

Израиль Газадағы балықшылардың аңшылық алаңын 12 мильден 6 мильге дейін қысқартуға шешім қабылдады.

Палестина жеріндегі үкіметтік қызметті үйлестіру бөлімі жасаған жазбаша мәлімдемеде қазіргі жағдайға қатысты жасалған бағалаулардың артынан Газада аулау алаңын 12-ден 6 мильге дейін қысқарту туралы шешім қабылданғаны атап көрсетілді.

Шешімнің тезарада күшіне еніп, келесі бұйрыққа дейін орындалатыны білдірілді.

Мәлімдемеде шешімнің Газадан Израильге ұшырылған жанған шарлар себепті қабылданғанына назар аударылды.

Израиль 12 шілде күні Газадағы балықшылардың аулау алаңын 9 мильден 12 мильге дейін кеңейткен еді.



Ұқсас жаңалықтар