Италияда өрт

1500 адам эвакуацияланды.

1680048
Италияда өрт

Италияның батысындағы Сардиния аралында кеше орман өрті басталды.  1500 адам эвакуацияланды.

Италияның Rainews24 арнасының хабарына қарағанда, аралдың батысындағы Ористано штатында кеше кеште басталған өрт қазірге дейін 20 мың гектар жерге зиян тигізді.  Осы жерлер арасында орман,  зәйтүн бағы және егістіктер бар.

Өрт қарқынды жел салдарынан тарап жатыр.

Скано Мантиферро аймағынан шамамен 400 кісі көшірілді. Барлығы 1500 адам эвакуацияланды.

Өрт сөндіру жұмыстарына қауіпсіздік күштері,  өрт сөндірушілер,  орман және қорғаныс топтары мен еріктілерден құралған 7500 адам қатысып отыр.


Этикеттер: #орман , #өрт , #Италия

Ұқсас жаңалықтар