Иранда наразылықтар

Жұртшылық электр қуатының үзілуіне наразылық білдірді.

1680458
Иранда наразылықтар

Иранның бас қаласы Тегеранда электр қуатының үзілгеніне наразылық білдіру мақсатында жиналған азаматтар билікке қарсы ұран тастады.

Азаматтар бас қаланың Джумри даңғылында жиналды. Әлеуметтік медиада жарияланған көріністерде жұртшылықтың «Диктаторға өлім», «Молдалар кетуі керек» және «Не Газа, не Ливан, жаным Иранға құрбан» деген ұран салғаны кқрінеді.

Иранда жазда ыстық артқаннан кейін елде электр қуаты көп үзіле бастады. Көптеген қалада наразылықтар артты.

Сонымен қатар елдің оңтүстік батысында арабтар көп тұратын Хузистан уәлаятында да құрғақшылық салдарынан су тапшылығына қарсы наразылықтар артты. Иран лауазым иелері Хузистандағы шерулерде бес демонстрант пен бір полиция қызметкерінің қаза тапқанын білдірді. Олар демонстранттарды арандатушылардың өлтіргенін алға тартып отыр.  Халықаралық Кешірім ұйымы болса қауіпсіздік күштерінің кем дегенде сегіз демонстрантты өлтіргенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар