Токиода мамандар алаңдап отыр

Токиода ковид оқиға саны азаймаса, медициналық инфрақұрылымның жұмысы қиынға соғады.

1678591
Токиода мамандар алаңдап отыр

Жапонияда мамандар 23 шілде- 8 тамыз күндері арасында өтетін Токио олимпиадасында коронавирус жұғу оқиғасы арттатын болса,  медициналық инфрақұрылымның қиналатынын білдірді.

Токио қала әкімдігінің ковид кеңесшілері оқиға саны азаймаса, тамыз айы басында бас қаланың медициналық инфрақұрылымының жұмысының қиынға соғатынын хабарлады. Мемлекеттік NHK арнасының хабарына қарағанда, соңғы апталарда Токиодағы жағдайды тексерген мамандардың бірі Тохо Университетінен Проф. Казухиро Татеда Токиода эпидемияның төртінші толқыны жүріп жатқанын айтты.

22 тамыз күніне дейін жалғасатын төтенше жағдайдың жаяу жолаушы қатынасын тоқтата алмағанын айтқан маман «Олимпиада секілді ірі организациялар қозғалысты арттырады.  Сыртта одан да көп адам болады. Бұл да эпидемияның таралуын арттырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар