Газада жарылыс болды

Жарылыста бір кісі қаза тапты.

1678722
Газада жарылыс болды

Газадағы Әз Завие базарында болған жарылыста бір кісі қаза тапты. Он адам жарақат алды.

Газадағы Ішкі істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялап, Завие базарында жарылыс болғанын білдірді.  Жарылыстан кейін қаза тапқан бір кісі мен он жаралы ауруханаға жеткізілді.

Азаматтық қорғаныс топтары жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді. Жарылыстың себебі тексеріліп жатыр.


Этикеттер: #өрт , #жарылыс , #Газа

Ұқсас жаңалықтар