Эквадорда өлім-жітім қайта есептелді

Ауырса да тіркелмеген азаматтар бар екен.

1678558
Эквадорда өлім-жітім қайта есептелді

Оңтүстік Американың Эквадор елінде коронавирустан қайтыс болғандар саны тексерілгеннен кейін 8 мың 786 артты.  Жалпы 30 мың 744 деп жаңаланды.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус симптомдарын көрсетсе де жүйеге тіркелмеген азаматтар болғанын анықтады. Сондықтан өлім-жітім қайта есептелді.

Эквадорда соңғы бір тәулікте оқиға саны 669 артып, 478 мың 615 болды.  Сауығып кеткендердің саны 443 мың 880 деп тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар