Трюдо мұсылмандармен кездесті

Ол мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтады.

1678238
Трюдо мұсылмандармен кездесті

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Құрбан айтқа орай мұсылмандармен кездесті. Онтарио штатының ең ірі мешіттерінің бірі Mountain мешітіне барған Трюдоны жамағат қошаметпен қарсы алды. Премьер-министр сөздерін «Ассаламағалейкум» деп бастады. Ол мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтады.

Мешіттегі сөзінде Трюдо елдегі мұсылмандарға қарсы жек көруші және нәсілшіл шабуылдарды айыптады. «Бұларды қабылдауға болмайды» деді ол.

Осындай шабуылдардың Канадада болғанына сенбейтінін айтқан Трюдо: «Адамдар өздерінің нанымдарына сай еркін өмір сүруі керек,  мешіттерде ғибадат етуі керек және көшеде қауіпсіз болуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар