Қытайда сел

Жүз мыңнан астам адам көшірілді.

1678143
Қытайда сел

Қытайдың орта бөліміндегі Хенан уәлаятында қатты жауын жол ашқан сел апатында кем дегенде 25 кісі қаза тапты.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарына қарағандағ аймақта кешегі жауын-шашыннан кейін сел жүрді. Құтқару топтары қазірге дейін 25 кісінің жансыз денесін тапты.  Жүз мыңнан астам адам сенімді аймақтарға көшірілді.

Аймақ басшылары «селді бақылауға алудың өте қиын» екенін айтып, табиғи апаттың деңгейі «төтенше жоғары» деп атады.

Хенан уәлаятында 17 шілде күнінен бері жауып тұрған жаңбыр кеше селге жол ашты.


Этикеттер: #апат , #сел , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар