Иранда шеруде бір полиция қаза тапты

Су тапшылығына байланысты наразылықтар жалғасып жатыр.

1678103
Иранда шеруде бір полиция қаза тапты

Иранда арабтар көп тұратын Хузистан уәлаятында су тапшылығына байланысты наразылықтар жалғасып жатыр.  Алтыншы күнінде Бендер Махшехр қаласында бір полиция қызметкері опат болды.  Изе қаласында бір шеруші қаза тапты.

Иранның ресми ақпарат агенттігіне мәлімет берген Бендер Махшехр қаласының әкімінің орынбасары Феридун Бендери кешке болған оқиғаларды баяндады. Ол «Шерушілердің Талегани ауданында оқ атуы салдарынан бір полиция қызметкері қаза тапты, бірі аяғынан жарақат алды» деді.


Этикеттер: #полиция , #шеруші , #су , #Иран

Ұқсас жаңалықтар