Филиппиндерде 85 адам мінген әскери ұшақ апатқа ұшырады

Апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтарынан кем дегенде 29 адамның мәйіті табылды.

1669408
Филиппиндерде 85 адам мінген әскери ұшақ апатқа ұшырады

Филиппиндердің оңтүстігіне қонған кезде әскери ұшақ құлады, кем дегенде 29 адам қаза тапты.

Филиппиндер Қорғаныс министрлігі бортында кемінде 85 адам болған С-130 типті әскери ұшақтың Сулу провинциясындағы Джоло аралына қонуға тырысып жатқан кезде сол аймақтағы Патикул қалашығының Бангкал ауылында құлағанын хабарлады.

Апаттан кем дегенде 29 адам қайтыс болып, 50 адам ауруханаға жеткізілді.

Қорғаныс хатшысы Делфин Лоренсана 3 ұшқыш, 5 экипаж мүшесі, қалғандардың болса әскери қызметкерлер екенін айтты.

Филиппиндер Бас штаб төрағасы генерал Цирилито Собейна әскери ұшақтың Сулу уәлаятына қарасты Жоло аралына қонуға тырысып жатқан кезде құлағанын мәлімдеді.

Генерал Собейна «Іздеу құтқару топтары тірі қалған адамдарды құтқару үшін аймақта жұмысын жалғастыруда»  деді.

Ұшақтың әскери оқуын бітірген жаңа түлектерін қызмет орындарына апару үшін көтерілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар