Ауғанстанда азаматтық соғыс шығып қалуы мүмкін

Америкалық қолбасшы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1667364
Ауғанстанда азаматтық соғыс шығып қалуы мүмкін

Ауғанстандағы НАТО және Америка Құрама Штаттары күштерінің қолбасшысы, генерал Скот Миллер шетелдік әскери күштер кеткеннен кейін елде азаматтық соғыс шығып қалуы мүмкін екенін айтты.

Генерал Миллер Кабулдағы штабында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ол Талибанның бақылауындағы аймақ санының артқанына назар аударды.  «Қауіпсіздік жағдайы қазір мәз емес. Осылай жалғасатын болса, азаматтық соғыстан қашып құтыла алмайды» деді ол.

Миллер Ауғанстандағы соғыстың тек саяси шешім арқылы шешілетінін атап көрсетті. Ол 2001 жылғы басып алудан бері Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы жағдайын «табыссыздық» деп атауға болып болмайтыны туралы сұраққа: «Америка Құрама Штаттарының мұрасын болашақ белгілейді.  Осы хикаяның жалғасын бізге болашақ айтып береді» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар