Тағы үш аудан Талибанның қолына өтті

Талибан аудан орталықтарына шабуылын жалғастыруда.

1666638
Тағы үш аудан Талибанның қолына өтті

Ауғанстанның Газне уәлаятында үш аудан соңғы бір тәулікте Талибан бақылауына өтті.

Газне депутаты Худад Ирфани сарбаздардың Газненің Хожа Өмери, Ваиз және Мукур аудандарына бір уақытта шабуыл жасағанын айтты. Шабуылдар нәтижесінде аталмыш үш ауданның Талибан бақылауына өткенін білдірген депутат қауіпсіздік күштерінің осы аудандардан кері шегінгенін айтты.

Ирфани осылай жалғасатын болса, Талибанның Газне уәлаятын толықтай басып алатынын айтты.

Сонымен қатар Ауғанстан Қорғаныс министрлігі елдің солтүстігіндегі Фариаб уәлаятының Пештун Кот және Перван уәлаятының Шинвари аудандарының Талибаннан кері алынғанын хабарлады. Соңғы бір тәулікте 14 уәлаятта Талибанға қарсы операция ұйымдастырылғаны білдірілген мәлімдемеде операция нәтижесінде 235 сарбаздың өлтірілгені, 161 сарбаздың жарақат алғаны жарияланды.

Талибан екі айда 45-тен көп ауданды басып алды.

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда Талибан қала орталықтарын санамағанда ел территориясының 50-70 пайызын билеп отыр.



Ұқсас жаңалықтар