Ливандағы ереуілдердің тоқтайтын түрі жоқ

Кеше Ливанда көптеген қалада ереуіл ұйымдастырылды.

1666561
Ливандағы ереуілдердің тоқтайтын түрі жоқ

Ливанда халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына байланысты ереуілдердің тоқтайтын түрі жоқ. Кеше Ливанда көптеген қалада ереуіл ұйымдастырылды. 

Ливан ақшасының құнының жойылуы, жанармай, дәрі-дәрмек және азық-түлік сынды бұйымдардың бағаларының қымбаттауына орай өткен күндерде басталған ереуілдер әлі де жалғасуда. 

Бейрутты оңтүстіктегі қалаларға жалғаған автомобиль жолдары жабылды. Қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасында қақтығыс шықты. Қақтығыстар барысында 3 адам жарақат алды. 

Оңтүстіктегі Триполиде ереуілшілдер ұзақ уақыттан бері электр желілерінің үзілуіне наразылық көрсету үшін Электр фирмасының ғимараты алдына жиналды. 

Президент Мишель Авн твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде жоғарғы деңгейдегі қолбасшылардан құралған Жоғарғы қорғаныс кеңесін мемлекетте болған соңғы оқиғаларды қолға алу үшін бүгін жиналысқа шақырды. 

 



Ұқсас жаңалықтар