Израиль Сыртқы істер министрі БАӘ-де

Ол Израиль мен БАӘ арасындағы келісімнен кейін Абу-Дабиге барған алғашқы Израиль министрі болды.

1666665
Израиль Сыртқы істер министрі БАӘ-де

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Ол Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар қалыпқа енгеннен кейін Абу-Дабиге барған алғашқы Израиль министрі болды.

Израиль Сыртқы істер министрі Лапид екі күндік сапары барысында БАӘ-ндегі әріптесі Абдуллах Бин Зайед Әл Нахианмен кездеседі.

Сапар барысында Израильдің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі мен Дубайдағы консулдығы ресми түрде ашылады.

Израиль мен БАӘ 2020 жылдың 15 қыркүйек күні Ақ Үйде өткен кездесуде қатынастарды қалыпқа түсіру бойынша келісімге қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар