Алатын ел болмаса, вакциналарды жойып жібереді

Израиль мерзімі аяқталып қалған 800 мың коронавирус вакцинасын жойып жібереді.

1666466
Алатын ел болмаса, вакциналарды жойып жібереді

Израиль басқа елдерден сұраныс келмеген жағдайда, қолындағы мерзімі аяқталып қалған 800 мың коронавирус вакцинасын жойып жібереді.

Израиль ресми ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, Тель-Авив әкімшілігінің қолында мерзімі аяқталуға жақындап қалған 800 мың ковид екпесі бар. Басқа елдерден сұраныс келмеген жағдайда, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі осы вакциналарды жойып жіберуі керек. Израильдің қолындағы вакцинаның қай фирманың екпесі екені айтылмаса да, Тель-Авив әкімшілігі BioNTech-Pfizer вакцинасын сатып алған болатын.

Израиль 18 маусым күні мерзімі аяқталып қалған ковид вакциналарын Палестинамен алмастыруға келіскен еді. Келісім шеңберінде Израиль қолындағы бір миллионнан астам вакцинаны Палестинаға беретін еді. Ол Палестина болса қыркүйек және қазан айында сатып алатын вакциналарын Израильге тапсыруы керек болатын. Палестина әкімшілігі кейіннен вакциналардың мерзімі тіпті жақындап қалғанын айтып келісімнен бас тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар