БҰҰ-ның Кипрге өкіл тағайындауы қажетсіз

Ертуғрулоғлу Бас хатшының мақсаты Кипр түркін арманынан бас тартқызу екенін айтты.

1666340
БҰҰ-ның Кипрге өкіл тағайындауы қажетсіз

Солтүстік Кипр Түрік Республкасының Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоғлу БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Кипр мәселесі үшін "Арнайы өкіл" тағайындауы тек уақыт өткізу ойыны екенін айтты.

Түрік Кипр агенттігінің хабарына қарағанда Тахсин Ертуғрулоғлу Кипр жайлы күн тәртіптегі мәселелерді бағаландырды.

Тахсин Ертуғрулоғлу Антониу Гутеррештің Кипр үшін арнайы өкіл тағайындауы күн тәртіпке келгенін естігендерін айтып:

"Бұл тың ой емес, бұрын да айтылған болатын. Бұл пікірді болымды деп қабылдамайтынымызды айттық" деді.

Кипр үшін арнайы өкіл тағайындау Гутеррештің Бельгия астанасы Брюссельдегі кездесулерінде қайта күн тәртіпке келгенін тілге тиек еткен Ертуғрулоғлу Бас хатшының нағыз нысанасы уақыт ұту арқылы Кипр түркі тарапынан дәріптелген саясаттардан бас тарту талпыныстарының табысқа жету мүмкіндігін арттыру үшін екенін атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар