Австралияда коменданттық сағат жарияланды

Сиднейде аптаның аяғында коронавирустың жаңа оқиғалары тіркелді.

1666195
Австралияда коменданттық сағат жарияланды

Австралияның ең ірі қаласы Сиднейде аптаның аяғында коронавирустың жаңа оқиғалары тіркелді. Осыған орай қалада екі апталық коменданттық сағат жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәулікте 44 оқиға тіркелгенін, оның тоғызының шетелден келгенін жариялады.

Жаңа оқиғалардың 32-сі елдің Сидней қаласында тіркелді. Штаттағы оқиғалардың көбі 16 маусым күні шетелдік рейс экипажын Сидней әуежайынан тасыған кезде вирустың бірінші рет Үндістанда табылған Дельта штаммын жұқтырып алған көлік жүргізушісінен тарағаны болжалып отыр.

Көлік жүргізушісі таратқан вирус бойынша сенбі күні 30, жексенбі күні 29 оқиға анықталды. Осы таралымның алдын алу үшін Сиднейде екі апталық тыйым жарияланды.

Сонымен қатар Брисбане қаласында да қонақүйде карантинде жатқан бір кеншіде Дельта штаммы анықталды. Осы кеншінің вирусты шамамен 900 кеншіге жұқтырған болуы мүмкін екені айтылуда. Осыған байланысты кенші тұратын Дарвинде де 48 сағаттығына көшеге шығу тыйымы жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар