Арменияда парламенттік ерте сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

Ресми қорытынды бойынша Никол Пашинянның партиясы 53,91 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.

1665479
Арменияда парламенттік ерте сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

Арменияда өткен ерте парламенттік сайлаудың нақты қорытындысы бойынша Никол Пашинянның партиясы 53,91 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.

Армения сайлау комиссиясы төрағасы Тигран Мукучян елде өткен апта жүзеге асқан парламенттік сайлаудың қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады.

1 миллион 281 мың 997 сайлаушының дауыс бергенін және сайлауға қатысу мөлшерінің 49,39 пайыз екенін білдірген Мукучян сайлау алдында отставкаға кеткеннен кейін премьер-министрлік қызметін уақытша атқарған Никол Пашинянның «Азаматтық келісім партиясының» 53,91 пайыз дауыс жинап парламентке кіргенін мәлімдеді.

Бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения одақтастығының» 21,09 пайыз дауыс алғанын атап өткен Мукучян экс-президент және премьер-министр Серж Саркисян қолдаған «Абыройым бар одақтастығының» 5,22 пайызбен парламентке кіру шартын орындаған үшінші партия болғанын білдірді.

Мукучян өткен апта жасаған мәлімдемесінде алғашқы бейресми қорытынды бойынша жеңіске жеткен Никол Пашинянның «Азаматтық келісім партиясы» жинаған дауыс көпшілігімен үкіметті жалғыз өзі құра алатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар