Екінші Берлин конференциясының Ливия декларациясы жарияланды

Ливия тақырыпты Екінші Берлин конференциясы аяқталды.

1663912
Екінші Берлин конференциясының Ливия декларациясы жарияланды

Ливия тақырыпты Екінші Берлин конференциясының декларациясында «24 желтоқсандағы сайлаудың анықталғандай өткізілуі үшін қажетті конституциялық және заңдық шаралар іске асырылу керек» делінді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маастың шақыруы бойынша өткізілген конференцияға Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе және Сыртқы істер министрі Неджла әл-Менгушқа қоса Түркия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Тунис, Франция, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Голландия, Ұлыбритания, Алжир, Қытай, Демократиялық Конго Республикасы, Еуроодақ, Африка Одағы және Араб Одағы сыртқы істер министрлері және жоғары деңгейлі өкілдер қатысты.

Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысқан Екінші Берлин конференциясының негізгі күн тәртібін Ливияда 24 желтоқсанда өткізуге шешім қабылдаған жалпыхалықтық және президенттік сайлау, елдегі шетелдік күштер мен жалдамалы жауынгерлердің елден шығуы тақырыптары құрады.

Конференцияның қорытынды декларациясында «Қатысушылар 2020 жылдың 19 қаңтарында өткізілген Берлин конференциясында алғаш рет берілген уәделерін қайталап, растады» делінді.

Ливия премьер-министрі Дибейбенің елде сайлауды уақтылы өткізуге өзінің бағыныштылығын қайталағанына назар аударылған декларацияда «2021 жылғы 24 желтоқсандағы ұлттық президенттік және парламенттік сайлау, Ливия Саяси келіссөз форумы тарапынан 2020 жылдың қараша айында Тунисте анықталған жол картасында жасалған келісімге сай жүзеге асырылады. Сайлау қорытындысын барлық тараптар мойындауға тиіс. Қажетті конституциялық және заңдық нормаларды қолдану керек» делінді.

Ливиядағы «қақтығыстардың негізгі себептерін қолға алып, оларды шешу үшін көп нәрсе істеу керек екеніне» назар аударылған конференцияның қорытынды декларациясында «Ливиядан барлық шетелдік күштер мен жалдамалы жауынгерлерді уақыт жоймай шығару керек» деген бап орын алды. Алайда Түркияның бұл бапқа өз шартын енгізгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар