Кубаның ковид-19 вакцинасы 92,28 пайыз мөлшерінде тиімді

Кубалық генетикалық инженерлік және биотехнология орталығы мәлімдеме жасады.

1662546
Кубаның ковид-19 вакцинасы 92,28 пайыз мөлшерінде тиімді

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакциналары үшін біраз уақыттан бері зерттеулерін жүргізген Кубада «Abdala» (Абдала) атты вакцинаның 92,28 пайыз тиімділігі алға тартылды.

Кубалық генетикалық инженерлік және биотехнология орталығы жасаған Твиттер хабарламасында өндірілген анти-ковид-19 дозасы тиімділігінің 92,28 пайыз екені білдірілді, «Кубаның қазіргі таңда 5 вакцина үміткері бар. 62 пайыз тиімділігімен «Soberana 02» және 92,28 пайыз «Абдала» вакцина болып саналады. Куба өз мүмкіндігімен тұрғындарын вакцинациялаған алғашқы ел болды» делінді.

Куба президенті Мигель Диас-Канель болса Твиттерден вакцина туралы жаңалықтарды бөліскені үшін қуанышты екенін тілге тиек етіп, «Нәтижелері сәтті шыққан «Soberana 02» және «Abdala» вакциналарының қуанышымен бұл жаңалықты сізге хабарлаймын. Абдаланың ықпалы мақтануға ие. Барлық кедергілерге қарамастан, біздің ғалымдар бізге өте тиімді 2 вакцина жасады» деді.

Куба 19 наурыз күні жұмыстары жалғасқан да вакциналардың бірінің адам сынамалары үшін мақұлданғанын және сынамалардың 19 бен 80 жас аралығында шамамен 48 мың адаммен өткізілетінін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар