Йеменде 26 хоусит өлтірілді

Араб коалициясы мен хоуситтер арасында Мариб қаласында шыққан қақтығыста 26 хоусит жауынгері өлтірілді.

1662573
Йеменде 26 хоусит өлтірілді

Йемен армиясы мен Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы мен Иран қолдап отырған хоуситтер арасында Мариб қаласында шыққан қақтығыста 26 хоусит жауынгері өлтірілді.

Армияға қарасты 3-ші Әскери аймақтық медиа орталығы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда хоуситтер Мариб қаласының батысындағы Сарвах ауданында армияның бақылауындағы бекіністерге шабуылдады. Шабуылдарда 26 хоусит мүшесінің өлтірілгені хабарланды.

Хоуситтерге қарасты «Әл-Месира» телеарнасы коалицияға тиесілі әскери ұшақтардың Марибтің Сарвах ауданына 24, Рагван мен Медгал аудандарына да 5 әуе шабуылы жасалғанын жариялады.

Мариб қаласында қарқынды қақтығыстар жалғасып жатқанда, Йемен премьер-министрі Муин Абдулмалик Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен халықаралық қоғамға жасаған шақыруында Иранға қарсы бас тартқызушы шаралардың іске қосылуын талап етті.

Йеменнің ресми ақпарат агенттігі жариялаған мәлімдемеге қарағанда Абдулмалик Иранды Йемендегі соғысты жалғастыруда табанды болумен айыптады.



Ұқсас жаңалықтар