БҰҰ Иранмен серіктестікке дайын

Гутеррештің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

1662440
БҰҰ Иранмен серіктестікке дайын

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттерештің баспасөз хатшысы Стефан Дужарик Иранда жұма күні өткен президенттік сайлауда Ибрахим Реисидің жеңісіне байланысты «Бас хатшы Гутерреш ортақ мүдделер және ирандықтар мен аймақ халықтарының мүддесіне сай Иран органдарымен серіктестікті жалғастыруды асығыстықпен күтеді» деді.

БҰҰ-ның Нью-Йорктағы орталығында өткен күнделікті баспасөз брифингінде «Қалыпты процесс жүреді, оған еш күдігім жоқ» деген Дужарик Реисидің міндетін қабылдап алу үшін әлі алты апталық уақыт бар екенін айтты.

Иранда 18 маусым күні болған президенттік сайлауда дауыстың 62 пайызын алған Реиси елдің сегізінші президенті болды.

 



Ұқсас жаңалықтар