Ауғанстан Мемлекет басшысы АҚШ-қа барады

Ауған басшылар 25 маусым күні АҚШ-қа ресми сапармен барады.

1661820
Ауғанстан Мемлекет басшысы АҚШ-қа барады

Ауғанстан Мемлекет басшысы Ашраф Ғани мен Ауғанстан Жоғары Кеңес төрағасы Абдуллах Абдуллах 25 маусым күні АҚШ-қа ресми сапармен барады.

Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки жасаған мәлімдемеде АҚШ президенті Джо Байденнің Ауғанстан Мемлекет басшысы Ғани және Ауғанстан Жоғары Кеңес төрағасы Абдуллах Абдуллах Ақ Үйде қабылдайтыны және бұл сапардың елдер арасындағы тұрақты серіктестікке негіз болатыны білдірілді.

Мәлімдемеде АҚШ-тың әскерлерін Ауғанстаннан шығарған кезеңде елдегі әйелдер, қыз балалар мен азсандыларға қоса ауған халқына саяси, экономикалық және гуманитарлық жәрдемдер тақырыбында қолдауға уәде бергені аталып, елдің еш уақытта террор ұйымдарының қауіпсіз панасына айналмауы үшін және Ауғанстан үкіметімен тығыз ынтымақтастықта болатындығы баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар