Асад режимі Идлибке шабуылдады

Сирияның Азаматтық қорғанысы медиа қызметкері Хасан әл-Ахмет шабуылдар туралы мәлімдеді.

1662042
Асад режимі Идлибке шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимі мен Иран қолдауындағы террористік топтар Идлиб дағдарысты азайту аймағы шекарасындағы Бара және Ихсим ауылдарына шабуылдады, 7 бейбіт тұрғын қаза тауып, 10 адам жараланды.

Сирияның Азаматтық қорғанысы (Ақ дулығалылар) медиа қызметкері Хасан әл-Ахмет режим күштерінің Идлибтің оңтүстігіндегі Бара мен Ихсим ауылдарына құрлық аралық қарулармен шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Ахмет шабуылда Барада 2 және Ихсимде 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдірді.

Жарақат алған 10 адам айналадағы ауруханаларға жеткізілді.

Басқа жағынан Асад режим күштері азанда Идлибтің оңтүстігіндегі Ихсим, Мешшун, Мастума, Сфохин, Фильфил, Кенсафра және Белюн ауылдарына артиллериялық шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар