Иранда президенттік сайлауы өтіп жатыр

Иранда халық 13-ші президенттік сайлауда дауыс береді.

1660500
Иранда президенттік сайлауы өтіп жатыр

Ішкі істер министрлігі сайлау орталығының мағлұматына қарағанда мөлшермен 83 миллион халық саны болған елде 59 миллион 310 мың 307 адам 13-ші президенттік сайлауда дауыс бере алады. 

Сайлаудың қорытындылары түннің ортасынан бастап жарияланады. Ертең түске дейін сайлаудың қорытындысы нақтылы белгілі болады. 

25 мамырда Иран Конституциясының Қамқоршылар Кеңесі 18 маусымда Президент лауазымына таласатын үміткерлердің соңғы тізімін жасаған болатын: ИИР қазіргі сот басшысы Ибрахим Раиси, ИИР саяси орындылығын анықтау жөніндегі Кеңестің мүшесі Саид Джалили ИИР саяси орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің хатшысы Мохсен Резаи Миргаед Мәжілісті зерттеу орталығының басшысы және Иран парламентінің бұрынғы өкілі Алиреза Закани Иран парламентінің қазіргі вице-спикері Амир Хоссейн Газизаде Хашеми Иранның бұрынғы вице-президенті және дене тәрбиесі ұйымының басшысы Мохсен Мехр-Ализаде ИИР Орталық банкінің бұрынғы басшысы Абдольнасер Хеммати. Алдыңғы күндері Саид Джалили, Мохсен Мехр-Ализаде және Алиреза Закани президенттік сайлауға қатысудан өз үміткерлігін алып тастау туралы шешім қабылдады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар