Францияда көшеге шығу шектемесі 20 маусымда аяқталады

Францияда маска тағу мәжбүрлігінің, 20 маусымнан бастап түнгі көшеге шығу шектемелерінің жойылатыны білдірілді.

1659473
Францияда көшеге шығу шектемесі 20 маусымда аяқталады

Францияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырғандар санының азаюына орай бүгіннен бастап кейбір жағдайлардан тыс ашық алаңдарда маска тағу мәжбүрлігінің, 20 маусымнан бастап түнгі көшеге шығу шектемелерінің жойылатынын жариялады.

Премьер-министр Жан Кастекс Министрлер Кабинеті жиналысынан кейін ұйымдастырған  баспасөз мәслихатында соңғы аптада күнделікті оқиға саны 3 мыңнан 200-ге төмендегенін хабарлады. 

Францияның барлық аймағында індетке байланысты алаң болмағанын айтқан Жан Кастекс бүгінге дейін 30 миллионнан астам адамға алғашқы доза вакцина егілгенін ерскертті. 

Жан Кастекс 23.00-06.00 сағаттары арасында атқарылған көшеге шығу шектемесінің 20 маусымда күшін жоятынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар