Нетаньяху міндетті Нафтали Беннетке өткізіп берді

"Израильде Болашақ бар" және "Ямина" партиялары басшылық еткен коалиция үкіметі Мәжілістен сенім дауысын алып, міндетке бастады.

1657853
Нетаньяху міндетті Нафтали Беннетке өткізіп берді

Израильде бұрынғы премьер-министр Беньямин Нетаньяху міндетті мұрагері Ямина партиясының жетекшісі Нафтали Беннетке өткізіп берді.

Беньямин Нетаньяху мен жаңа премьер-министр Нафтали Беннет Батыс Иерусалимдегі Премьер-министрлік ғимаратында бас қосты.

Баспасөзге жабық өткізілген міндет алмастыру үшін рәсім ұйымдастырылмауы және сурет пен көрініс жарияланбауы назар аударды.

30 минут жалғасқан міндет алмастырудан кейін Нетаньяху Мәжілісте оппозиция партиясының лидерлерімен бас қосты.

"Израильде Болашақ бар" және "Ямина" партиялары басшылық еткен коалиция үкіметі Мәжілістен сенім дауысын алып, міндетке бастады. 

Коалиция үкіметінің сенім дауысын алуымен Нетаньяху 12 жылдан бері жалғастырған премьер-министрлік міндетінен кетті.



Ұқсас жаңалықтар