Столтенберг НАТО саммиті алдында мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеме жасады.

1657638
Столтенберг НАТО саммиті алдында мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО одақтастарының АҚШ пен Түркия сияқты Ауғанстандағы әуежайға қоса кейбір маңызды инфрақұрылымдармен тікелей байланыста екенін айтты.

Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде өтетін НАТО саммиті үшін НАТО штаб-пәтеріне келген кезде мәлімдеме жасады.

«Бүгін трансатлантикалық қарым-қатынастарымыздың жаңа бір тарауын ашамыз» деген Столтенберг НАТО саммитінде көшбасшылардың көптеген тақырыпты қолға алып, соның ішінде Ресей мен Қытай мәселесін де талқылайтынын атап көрсетті.

Столтенберг «Ресеймен қарым-қатынасымыз қырғи қабақ соғыстан бері ең төменгі деңгейде. Бұл Ресейдің агрессивті әрекеттерімен байланысты. Көшбасшылар Ресейге бағытталған 'келіссөз және үйлесімді мықты қорғаныс' түріндегі екіжақты көзқарасымызды растайды деп сенемін» деді.

Қытаймен климаттың өзгеруі және қару-жарақты бақылау мәселелері бойынша жұмыс істеу керек екенін тілге тиек еткен Столтенберг «Алайда Қытайдың әскери күші, күшейіп келе жатқан ықпалы және сенімді позициясы біздің қауіпсіздігімізге де біраз қиындықтар тудырады. Бұларға Одақ ретінде бірге назар аударуымыз керек » деді.

Столтенберг НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясын аяқтау шешімімен байланысты бір сұраққа қайтарған жауабында ауғандықтарды қолдауды жалғастыратындарын, Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қаржылай көмектің жалғасатынын мәлімдеді.

Әуежайға қоса маңызды инфрақұрылымдардың қалай жалғастыру керектігі туралы жұмыс істегендерін мәлімдеген Столтенберг «АҚШ пен Түркия сияқты кейбір НАТО елдері де тікелей байланыста. Бұл НАТО-дағы одақтастар үшін де, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін де дипломатиялық болмыс пен жәрдемдер тұрғысынан да аса маңызды» деді.

НАТО Бас хатшысы Саммиттің алдында өткен Брюссель форумының ашылуында сөйлеген сөзінде болса саммитте жасалатын ең үлкен хабарламаның «Одақ өзгерістерге бейімделген сайын тарихтағы ең сәтті серіктестік болып қала беретіндігі» екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар