НАТО Саммиті басталды

НАТО елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммит Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде басталды.

1657737
НАТО Саммиті басталды

НАТО елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммит отырысы Бельгия бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде басталды.

Саммит отырысына 30 одақтас елдің көшбасшыларына қоса Түркия атынан Режеп Тайып Ердоған қатысуда.

Саммиттің күн тәртібінде Одақтың алдағы 10 жылдық жол картасын анықтау, НАТО-ның стратегиялық тұжырымдамасын жаңарту, Қытайдың өрлеуі, соңғы жылдары нашарлаған Ресей және Украина қарым-қатынастарының жағдайы, кибер қауіптер, терроризмге қарсы күрес, деструктивті технологиялар, климат өзгерістерінің қауіпсіздікке ықпалы және Ауғанстандағы НАТО қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейінгі жағдай сияқты мәселелер бар.

АҚШ президенті Джо Байден президент болып сайланғаннан кейінгі алғаш рет қатысқан НАТО саммитінде Трансатлантикалық қатынастар талқыланады.

Саммит соңында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг баспасөз мәслихатын өткізіп, ақпарат береді.

Сондай-ақ саммиттің соңында ортақ декларацияның жариялануы күтілуде.

Саммит аясында мемлекет және үкімет басшылары кеше кешкі уақыттан бастап Брюссельде екіжақты кездесулер өткізе бастаған болатын.

Кейбір көшбасшылар кездесу аяқталғаннан кейін НАТО-ның штаб-пәтерінде екіжақты кездесулерін жалғастырады деп жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар