Израильде жаңа үкімет

Джо Байден құттықтады.

1657259
Израильде жаңа үкімет

 

Израильде «Болашақ бар» және Ямина партияларының басшылығында құрылған коалиция үкіметі мақұлданды.  Он екі жылдық премьер-министр Беньямин Нетаньяху кезеңі аяқталды.

Дауысқа салуда 120 орынды мәжілісте 60 депутат жаңа үкіметті қолдады. Осылайша 2009 жылдан бері міндет атқарған Нетаньяху кезеңі аяқталды.

Артынан Израильдің жаңа премьер-министрі болған Нафтали Беннет пен коалиция үкіметінің министрлері ант берді.

Нетаньяхудың орнына екі жыл Ямина партиясының басшысы Беннет келеді.  Артынан ол міндетті Лапидке тапсырады.

Беннет-Лапид коалициясы сегіз партиядан тұрады.

Осы арада Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Беннетке телефон шалып, құттықтады. Байден Америка Құрама Штаттарының Израильдің қауіпсіздігіне «шайқалмас» қолдауын қайталап айтты. Ол Америка Құрама Штаттары мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты тереңдету тақырыбындағы табандылығын жеткізді.  Израильдіктер мен палестиналықтардың бейбітшілік пен молшылығы үшін Израиль үкіметімен жақыннан жұмыс істейтінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар