Халықаралық Бағдат әуежайы 3 дронмен нысанаға алынды

Ирак үкіметіне қарасты қауіпсіздік медиа орталығы мәлімдеме жасады.

1655294
Халықаралық Бағдат әуежайы 3 дронмен нысанаға алынды

Ирактың бас қаласы Бағдаттағы Халықаралық әуежайы 3 дронмен нысанаға алынды.

Ирак үкіметіне қарасты қауіпсіздік медиа орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда Халықаралық Бағдат әуежайына 3 дронмен шабуылдады.

Мәлімдемеде Ирак қоғамын тұрақсыздандыруға тырысқандардың жазаланатыны айтылып, шабуылда кез-келген бір зиян келтірілгені туралы ақпарат берілмеген.

Бағдат халықаралық әуежайында американдық әскерлер орналасқан бір база да бар.

Ирактың Салахаддин қаласындағы Белед Әскери базасына да 3 зымыран шабуылы жасалғаны және кез-келген шығын болмағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар