Еврейлер Әл-Ақса мешітіне басып кірді

Ұшқару еврейлерді Израиль полициясы қорғады.

1655336
Еврейлер Әл-Ақса мешітіне басып кірді

Израиль полициясынан күш алған ұшқары еврейлер Әл-Ақса мешітінің ауласына кірді.

Иерусалим Ислами фондтар басқармасы хабарлама жариялап, 136 ұшқары еврейдің Әл-Ақса мешітіне басып кіргенін білдірді. Оларды Израиль полициясы қорғап тұрды.  Еврейлер мешіттің ауласын аралады.

Ұшқары еврейлердің мешітке келуі аймақта келіспеушілікті арттырады.

Әл-Ақса мешіті Израиль мен Иордания арасында 1994 жылы қол қойылған бейбітшілік келісіміне қарағанда, Иордания фондтар, Ислами істер және қасиетті мекендер министрлігіне қарасты Иерусалим Ислами фондтар басқармасына қарайды. Алайда еврейлер 2003 жылдан бері басқармадан рұқсат алмастан полициямен бірге қасиетті мекенге кіріп жүр.

Басқарма болса еврейлердің бұл ісінің мұсылмандардың құқығын таптау деп есептейді.



Ұқсас жаңалықтар