PKK Ирактың Духок қаласында бір пешмергені өлтірді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK Ирактың Духок қаласында бір пешмергені өлтірді.

1653917
PKK Ирактың Духок қаласында бір пешмергені өлтірді

Жергілікті баспасөзде орын алған хабарға қарағанда PKK Ирактың Духок қаласының Захо ауданына қарасты Деркар ауылында пешмерге күштеріне шабуыл жасады. 

Оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған Деркар ауыл басшысы Эдип Джафер таңғы уақытта бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерінің мергендері тарапынан атылған оқтың кесірінен бір пешмергенің мерт болғанын білдірді. 

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK 5 маусым сенбі күні де Духок қаласының Ахмеди ауданында пешмерге күштеріне шабуыл жасаған еді. 

Ирак күрд аймақтық әкімшілігі пешмерге басқармасы шабуыл салдарынан 5 пешмергенің қаза тапқанын және 7 адамның жарақат алғанын жариялаған болатын. 

 



Ұқсас жаңалықтар