АҚШ террор ұйымы PKK-ның пешмерга шабуылын айыптады

АҚШ-тың Эрбильдегі бас консулдығы Твиттер аккауынтынан мәлімдеме жасады.

1652605
АҚШ террор ұйымы PKK-ның пешмерга шабуылын айыптады

АҚШ террор ұйымы PKK-ның Пешмерга күштеріне қарсы кеше жасаған шабуылын қатаң түрде айыптады.

АҚШ-тың Эрбильдегі Бас консулдығы ресми Твиттер аккауынтынан жасаған мәлімдемеде «PKK-ның серіктесіміз пешмергаға бағытталған соққы беруін қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Мәлімдемеде қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтылып, жарақат алған пешмерганың сауығып кетуі тіленді.

АҚШ сонымен қатар аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігімен жұмыстарын жалғастыратындарын мәлімдеді.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі Пешмерга министрлігі кешегі мәлімдемесінде сепаратистік террористік ұйым PKK-ның Ирактың Духок қаласының Амеди ауданында Пешмерга күштеріне шабуылдағанын жариялаған болатын.

Мәлімдемеде шабуыл салдарынан 5 пешмерганың қайтыс болып, 7-сінің жарақат алғаны орын алған еді.



Ұқсас жаңалықтар