Нью-Йорк Таймс Газада көз жұмған балаларға орын берді

Газет "Олар дәрігер,өнерпаз, саяси лидер болғылары келген еді" деген сөздер арқылы аянышты адамдық трагедияға назар аударды.

1647848
Нью-Йорк Таймс Газада көз жұмған балаларға орын берді

Палестинадағы қырғынға үнсіз қалған Америка медиасы ерекше бір қадам басты. Нью-Йорк Таймс газеті бірінші бетінде Газада көз жұмған балалардың фотосуреттерін жариялады.

Хабарда " Газада 67,  Израиль тарапында 2 бала қаза тапты" деген сөздерге орын берген газет балалардың қанды қолының Израиль екенін түсіндірді. 

Нью-Йорк Таймс газетіндегі "Балалардың түстері қорқынышты үрейлерімен бірге жерге көмілді" деген сөздер назар аударды. 

Хабарда балалардың қиялдарын және үлкейгенде не болғысы келгендерін мысал ретінде көрсетумен қатар балалардың салған суреттеріне де орын берілді. 

Газеттің ішкі беттерінде Түркиямен қатысты маңызды мағлұматтар бар. 10 жасында қайтыс болған баланың біреуі салған соңғы суретінде Палестина байрағының қасына түрік байрағын да қоюуы палестиналық балалардың Түркияға деген сүйіспеншіліктерін білдіруде. 

Хабарда орын алған 7 жасында көз жұмған Абдуррахман Әл-Хадидидің болса Түркияға саяхат жасағысы келгені жөніндегі мағлұмат та маңызды. 

Газет "Олар дәрігер, өнерпаз, саяси лидер болғылары келген еді" деген сөздер арқылы аянышты адамдық трагедияға назар аударды. 

 



Ұқсас жаңалықтар